Атырау, 26 сәуір 20:54
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Қырғызстанда қылмыстық топтың басшысы делінген қазақстандық ұсталды

1 566 просмотра


Қырғызстанның ІІМ жедел қызметінің өкілдері "Макс" лақапатымен танымал, трансұлттық қылмыстық топтың басшысы делінген қазақстандық Мұрат Ниязовты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстанның полициясы Интерполдың күдіктіге іздеу жариялағанын және оның қатыгездікпен аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады. 

Айта кетейік, Ниязов ҚР Қылмыстық кодексінің  194, 367, 262-баптары бойынша Қазақстанда сырттай сотталған болатын. Мұрат Ниязовқа 2015 жылы іздеу жарияланған болатын.

Оған Қазақстан Республикасының ҰҚК өкілдері бастамашы болған еді. Осылайша Ниязов 22 қыркүйекте Бішкек маңында ұсталды. Қазіргі уақытта изоляторға қамалды. 

Дереккөз: tengrinews.kz

25 қыркүйек 2018, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.