Атырау, 23 желтоқсан 14:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Головкин - «Канело» рематчына сатылған билеттер қанша табыс әкелді

1 506 рет қаралды


15 қыркүйек күні Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасында өткен рематчқа сатылған билеттерден түскен табыс мөлшері жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

ESPN Неваданың Атлеттік комиссиясына сілтеме жасап мәлім еткендей, T-Mobile Arena-дағы ойынды тамашалау үшін сатылған 16 732  билет 23 473 500$ табыс әкелген. NSAC ақпаратына сәйкес, промоутерлер бұдан бөлек тағы 1 451 тегін билет берген. 

Осылайша, GGG мен «Канелоның» рематчы бокс тарихындағы ең көп табыс әкелген жекпе-жектер көрсеткішінде төртінші орынға жайғасты. Боксшылардың былтырғы алғашқы кездесуі 27 059 850$ доллар әкеліп, үшінші орында тұрған еді.

Екінші орынға Флойд Мэйвезер - Мэнни Пакьяо (72 198 500$) айқасы табан тіресе, Флойд Мэйвезер - Конор Макгрегор (55 414 865.79$) кездесуі тізімде көш бастап тұр. Еске салайық, Головкин мен Альварестің қарымта кездесуі төрешілердің шешіміне сәйкес мексикалықтың жеңісімен аяқталған еді. 

Дереккөз: inform.kz

25 қыркүйек 2018, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.