Атырау, 26 сәуір 10:36
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Орамал дауына қатысты Бас мүфтидің пікірі

Бейнежазба
1 822 просмотра

diapazon.kz
Балиғатқа толмаған баланы діни ұстанымы үшін білім алудан шектеу - жаңсақтық. Бас муфти Серікбай қажы Ораздың Ақтөбедегі мектеп оқушыларына қатысты пікірі осыған саяды. 

Балиғат жасқа жетпеген қыз балаларды: 7-8 жастағы, 1,2,3 сынып секілді. Сол кезден бастап жас баланың тағдырын тәлкекке салып, соны саудага салгандай үлкен дүниеге бару маселе жансақ дүние. Біз ұрпағымызды көзі ашық, көзі қарақты азамат болып қалыптасу мүмкіндігінен шектеп қоймау керекпіз.

Еске салсақ, Ақтөбеде орамал дауы бір жыл бұрын басталды. Облыста 340 оқушы мектепке орамал тағып келген. Олардың ата-аналарымен жүргізілген түсіндіру жұмыстары нәтижесінде он бесі орамалын шешкен. Қазір 28 қыз мектепке мүлдем келмей отыр. Солардың бірі Кенжебек Азанғұловтың қызы. Озат оқушыны орамалмен мектепке кіргізбейді. Десе де, әкесі шешімін өзгертуге қарсы.

- Әрбір адамның құқы бар деп ойлаймын. Өзінің заңды құқын қорғау керек. Шашын жауып тұратын орамалда тұрған ештеме жоқ. Ол бетін жауып келіп тұрған жоқ қой. Өзім ол нәрсемен келіспеймін. Мен осылай до конца тұрамын. Соттаса да сотталамын.


Дереккөз: astanatv.kz

25 қыркүйек 2018, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.