Атырау, 28 наурыз 22:02
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​RBK ісі: күдіктінің күйеуі Ертаевтың шырғалаңға қалай тартқанын айтты

847 просмотра


«Алма ТВ» ЖШС акциясының толық иегері «Ассет Инвест» ЖШС басшысы Татьяна Пактың күйеуі Евгений Пак Жомарт Ертаевтың былығына қалай кіріскендерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қылмыстық істе куәгер ретінде өтіп жатқан Евгений Пактың сөзіне қарағанда, оның жары «Алма ТВ» ЖШС басшысы болғандықтан, баспасөз мәслихатын өткізіп отырғанын айтты. Жомарт Ертаев «Алма ТВ» ЖШС 100 пайыз акциясының иегері Татьяна Пактан «Ордабасы Комьюникейшенс» ЖШС-ға үлес бөлуін сұраған. 

«Жомарт Ертаев бізге осылай деп қолқа салғанда, біз бас тарта алмадық. Себебі, ол кезде қатынасымыз жақсы болатын. Сол үшін бұл мәмілеге келісім бердік», - деді Евгений Пак Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Мәміле жүзеге асқан соң ерлі-зайыптылар компанияның RBK банкі алдында 30 млрд қарызы бар екенін білген. Бұл несиені Жомарт Ертаев алдында алған екен. Сотқа дейінгі тергеу басында Ертаев Татьянаны компания оған тиесілі еместігін айтуға көндірген.

«Ол Татьяна екеумізді компанияны бөліп төлеу тәсілімен  сатып алдық деп айтуға көндірді. Менің әйелім тергеу орнында 6 ай отырды. Осы уақыт аралығында Жомарт Ертаев Татьянаны шығарып алатынын айтып келді», - деді Евгений Пак. 

Алайда, Ертаев Пак отбасына көмек бере алмаған. Тек қана БАҚ беттерінде рейдерлік тартып алу болғанын айтқан. Евгений Пак Ертаевтың осылайша проблемадан құтылмақ болғанын топшылайды. Сонымен қатар, Пактың айтуынша, Ертаев оның үйіне Мәскеуге өзінің қаупсіздік қызметінің жігіттерін жіберіп, қоқан-лоққы жасатқан. Сосын Пактың телефонын тартып алған, Whatsapp хаттарын оқыған. Ер адам Whatsapp хаттарын қайта қалпына келтіріп, баспасөз мәслихаты барысында көрсетті. 

«Ол бізді пайдаланды. Біз біршама уақыт рейдерлік тартып алу болған шығар деп сеніп жүрдік. Соның кесірінен Asset Invest банкротқа ұшырап, қарызға белшесіне батып қалды», - деді Е. Пак.

Айта кету керек, ҚР бас прокуратурасының ведомствоаралық тергеу тобы, ҚР ҰҚК, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро  «Bank RBK» банкінен аса ірі көлемде қаржы ұрлануына қатысты тергеу ісін бастады. Қылмыстық іс аясында Жомарт Ертаевтың «Алма ТВ» кабельді телеарна операторының акциясын сатып алу үшін аса ірі көлемде қарыз алуы тексеріліп жатыр.

Дереккөз: inform.kz

24 қыркүйек 2018, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.