Атырауда соңғы жылдары пәтер ұрлығы көбейіп кетті.
– Бұған кем дегенде екі себеп бар деп ойлаймын, - дейді Атырау қалалық ІІБ криминалдық полициясы бөлімінің бастығы Нұрболат ҚАБДЕШЕВ.– Үй ұрылары қоғамға аса қауіп төндірмейтін қылмыс жасағаны үшін мерзімді қысқартқан қылмыстық заңнама ізгілендірілгеннен кейін көбейіп кетті. Ал, екіншіден, Атырау ұрылар үшін ең «майлы» аймақтардың бірі боп табылады.
Пәтер ұрлығы туралы істерді қарай отырып, соттар тыйым шаралары ретінде, әдетте, басқа жаққа шықпау жөніндегі қолхатты қолданады. Ал ұрыларға керегі де осы. Бостандыққа шыққан олар сол мезет мекен-жайын өзгертіп, өз кәсібіне қайта оралады. Біздерге де белгілі бір қылмыскерлерді бірнеше рет ұстауға тура келеді.
– Негізінен бұлар «гастролерлер» ме?
– Иә. Олар түрлі қалалардан, бірақ негізінен жақын маңдағы қалалардан келеді. Бұларды ұстау қиын. Олар Атырауға жұмысқа келген боп аяқ басады. Таңертең барлап шығады, түске қарай қылмыс жасайды, ал кешкісін таксиді лықа толтырып, үйлеріне кетіп қалады. Көбінесе Сарықамыс, Атырау, Жұлдыз ықшамаудандарындағы коттедждерге көз тігеді.
Адамдар тоналған коттедждердің немесе пәтерлердің маңында айналсоқтап жүрген күдікті жандарды көрсе де бізге көмектескілері келмейді.
– Неге?
– Қорқады. Алайда аулалардың көпшілігіне орнатылған бақылау камераларының арқасында біз көбінесе тонаудың алдын ала аламыз.
Анастасия ПАСТУХОВА
АБЛАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМАНДАСЫ. Атырау қаласында ұзақ уақыт тонаумен айналысқан ұрылар тобының мойнында 38 ұрлық бар. Ұйымдасқан топ құрамында 5 адам, оның ішінде үйге терезе арқылы оңай кіре алатын екі әлжуаз жасөспірім болды. Банданың бүкіл мүшелері – баукеспе ұрылар, бірақ олар Аблаевтың өзін қоспағанда (9 жыл), аз мерзім алды. «Тоғыз жыл бойына отырып шығатындығына күмәнім бар», - деп қынжылады Н. Қабдешев. Атырау қалалық ІІБ КПБ мәліметтері бойынша, биылғы жыл басынан бері облыс орталығында 244 пәтер ұрлығы орын алған (2011 жылдың осындай мерзімінде – 146 ұрлық).