Атырау, 18 мамыр 17:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Экс-әкімнен тәркіленген мейрамханада ХҚКО ашылды

922 просмотра


Қостанайдың сотталған экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтан тәркіленген "Метрополь" мейрамханасының ғимаратында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, - деп хабарлайды "Наша газета". 

Цифрлық ХҚКО-ның бірінші қабатында операторлардың көмегінсіз қызмет алуға болады. Екінші ғимаратта Қостанай ХҚКО-ның №1 бөлімі орналасыпты. Сондай-ақ, бұрынғы мейрамханаға Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы департаментін көшіру жоспарланып отыр екен. Қазір орталық 13.00-ге дейін ғана жұмыс істейді, себебі әзірше Ұлттық банк ғимаратында орналасқан - бұл келушілерге жайсыздық туғызады екен. Ал көшкеннен кейін департамент күні бойы жұмыс істей алады. 

"Көшуге себеп - азаматтардың клиенттердің жағдайын жақсарту қажеттілігі туралы көптеген өтініші себеп. Екінші қабатта операторлары бар 21 үстел орналасады. Қостанайдың әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бөлімдері де осы мекенжай бойынша орналасады", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік ұйымы филиалының PR-менеджері Есенжан Мұратов.

Еске салайық, 2016 жылы Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжанов бірнеше бап бойынша айыпты деп танылып, сотталған еді. Пара алды деп айыпталған ол мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылған.

Дереккөз: tengrinews.kz

24 қыркүйек 2018, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.