Атырау, 26 сәуір 18:13
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Мырзахметов мықты ма, әлде Ноғаев мықты ма?», «Біреуін құтқарып, екіншісін "құрту"», «2,5 миллион үйсіз қазақтың құқын кім қорғайды?», «Ресейдегі демократияны құртуды Ельцин бастаған», «Скрипальді улауға күдікті Қазақстанда болған».

2 445 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Ресейдегі демократияны құртуды Ельцин бастаған» - 1993 жылы Жоғары Кеңесті тарату Ресей демократиясына соққы болды ма? Неліктен Вашингтон Борис Ельциннің күмәнді іс-әрекетін қолдады? Ельциннің тұлғасы мен түпкі ниетін бағалаған батыс сарапшылары мен саясаткерлері қателесті ме? Владимир Путин – Борис Ельциннің адал ізбасары ма?

«Аптаның үздік жеті хикаясы» - Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

«Біреуін құтқарып, екіншісін "құрту"» - Қазақстан билігінің жеке банктерді бюджет есебінен қолдауды доғару туралы уәдесіне қарамастан, мемлекет тағы да ақша бөлді – бұл жолы қаржы бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің отбасы бақылайтын институттың "тұрақтылығын арттыруға" жұмсалмақ. Бұған дейін көктемде президент акционерлерін қатты сөккен үш банктің лицензиясы қайтарылып алынды.

«Скрипальді улауға күдікті Қазақстанда болған» - Батыс басылымдары Ресей Бас барлау басқармасының (ГРУ) бұрынғы агенті Сергей Скрипальдің өміріне қастандық жасаған деген күдікке іліккендердің ресейлік арнайы қызметке қатысы бар екенін көрсеткен тексеру туралы жазған. БАҚ-та күдіктілердің бірі Қазақстанда болғаны айтылады. Әлемдік баспасөз Шыңжаңдағы жағдайды назарда ұстап отыр, сарапшылар Қытайдың неліктен этникалық азшылыққа қысым жасайтынын білгісі келеді.

«Қытайдан келіп құжатсыз жүрген қазақ балалары» - Қазақстанға Қытайдан көшіп келген немесе ата-анасы Қытайға барып, кері қайта алмай қалған этникалық қазақтардың кейбірінің балаларында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ. Кейбірінің мерзімі аяқталған. Ал әке-шешесі жанында жоқ кей балалар құжат мерзімін ұзарта алмай жүр.

«АҚШ-тың Қытайға қарсы "сауда соғысы"» - Ас үй құралдары, велосипедтер, пәтердегі дабыл беру жүйесі, шабадандар мен жол сөмкелерін не біріктіреді? Осы заттардың бәрі (және тағы басқалар) АҚШ президенті Дональд Трамптың жарлығымен баж салығы көбейген қытай тауарларының тізіміне енді. Екі мемлекет арасында сауда соғысының үшінші кезеңі басталды, оның салдары бүкіл әлемдік экономикаға ықпал етуі мүмкін.

ABAI.KZ. «2,5 миллион үйсіз қазақтың құқын кім қорғайды?» - Ресми деректер бойынша Қазақстан халқының 57%-ы қалада тұрады. Бірақ, қалада тұрғанның бәрі қызыққа толы ғұмыр кешіп жатқан жоқ. Бала-шағаның қамы деп қала жағалаған ағайын жиған-тергенінің жартысын пәтер иелеріне санап беріп, үйсіз-күйсіз күн кешуде. Әрине, қала халқының бәрінің басында үй жоқ деуден аулақпыз. Құдай берген несібесін кертіп жеп, өз үйі өлең төсегінде алаңсыз жатқандар да жетерлік.

INFORMBURO.KZ. «Америкадағы қазақша өмір. Америкалық қазақтар салт-дәстүрді сақтай ма?» - Шетелге көшкен әрбір азамат жаңа мәдениетпен қақтығысу әсерінен ұлтының мәдениеті мен тілін ұмытуға бейім келеді. Бірақ АҚШ-қа көшкен иммигранттар олай емес.

«Балабақшаға қабылдау тәртібі өзгергелі бағасы да қымбаттады» - 2018 жылдың ақпан айынан бастап балабақшаға жолдама беру жүйесі өзгерді. Еліміз бойынша төлемақысы да өсті. Балабақшаға жолдама алу үшін не істеу керек?

ZHASALASH.KZ. «Мырзахметов мықты ма, әлде Ноғаев мықты ма?» - Кез келген әкім қызметке тағайындала салысымен өз «командасын» жинайтыны жасырын емес. Біреулері кадрды сырттан әкеледі, енді біреулері жергілікті кадрлардың ішінен таңдайды. Әйтеуір, аз уақыттың ішінде төңірегіне өзіне берілген, сенімді деген адамдарды топтастырып алады.

  365INFO.KZ. «Ақылды журналистер дін тақырыбын айналып өтеді» - Дұрыс істейді. Себебі, бүгінде дін әбден саясиланған. Неше түрлі ағымдар мен қозғалыстарға толы. Қайсысы – ақ, қайсысы – қара екенін ажыратып болмайсың. Өзің адасқаныңмен тұрмай, жұртты шатастырасың.


24 қыркүйек 2018, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.