Атырау, 29 наурыз 02:50
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Балалар Еуровидениесінде" Қазақстан намысын Данэлия Төлешова қорғайды

1 673 просмотра


Алматы қаласында халықаралық байқауға бару үшін жүргізілген республикалық іріктеу өз мәресіне жетті. Алматы қаласында жас вокалистерге арналған іріктеу байқау аяқталып, халықаралық "Балалар Еуровидениесіне" Данэлия Төлешованың баратыны белгілі болды.

"Халық аренада" көрермендер алдында 134 қатысушының ішінен суырылып шыққан 10 өнерпаз ән шырқады.

Гала-концерт республикалық телеарнада тікелей эфирден көрсетілді. Әділқазы алқалар мүшесіне Роза Рымбаева, Тамара Асар, Бағым Мұхитденова, Ренат Гайсин, Ләйлә Сұлтанқызы, Мәдина Сәдуақасова және Алан Тәжібаев енді. Кейін осы әділқазы алқалары берген баға мен көрермендер ұпайы қосылып, ортақ шешім шықты.

Гала концертте шырқалған әндердің барлығы су жаңа. Себебі, бұл халықаралық байқаудағы негізгі талаптардың бірі. Данэлия Төлешова сазгер Иван Лопуховтың музыкасына жазылған "Өзіңе сен" туындысын орындады. Аталған әннің сөзін Кәмиля Дайырова, Артем Кузьменкова және жас әншінің өзі жазған.

Алғаш рет балалар арасында "Еуровидение" байқауы 2003 жылы Копенгаген қаласында өткізілді.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Данэлия Төлешова украиналық "Голос. Дiти" байқауында жеңіске жеткен-ді.

Дереккөз: sputniknews.kz

23 қыркүйек 2018, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.