Атырау, 5 маусым 05:37
 дождьВ Атырау +18.4
$ 485.34
€ 564.45
₽ 6.53

​Маңғыстау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары ұсталды

2 324 рет қаралды


Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары 10 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің редакция сауалхатына берген жауабында айтылады. 

"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарын ұстады. Ол 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деп хабарлады агенттік өкілдері.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

21 қыркүйек 2018, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.