Атырау, 20 сәуір 01:09
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Прокуратура: Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған адамның бостандыққа шығуы - заңды

1 379 просмотра


Алматы прокуратурасында жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Түркия азаматы Әли Демир неге кепілдемемен босатылғанына түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бақылау органы Түркияның азаматы Әли Демирдің бұзақылық әрекетіне байланысты ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары қолға алынды.

«Қоғамның қызу талқылауына түскен соң Демир Э.А Алматыдағы қалалық ІІД уақытша оқшаулау орнына қамалды. 20 қыркүйекте Алмалы аудандық прокуратурасына тергеушінің құқық бұзушыны қамауға алу туралы арызы түскен. Қылмыстық кодекс бойынша тек 5 жылдан аса түрмеге қамалу жазасы қарастырылған қылмыстар бойынша ғана қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданады», - делінген хабарламада.

Әли Демир аса ауыр емес қылмыс жасады деген күдік бар. Бұл қылмысы үшін оған ары кеткенде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы болуы мүмкін. 

«Ол Түркия азаматы екеніне қарамастан ол Қазақстан азаматшасына үйленген. Баласы бар. Тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша тұрады. Қылмыстық тергеу орындарында оның бұған дейін қылмыс жасамағаны анықталған.  Прокуратура күдіктінің тергеу ісіне кедергі келтіретініне шүбә келтіріп отыр», - деді прокуратураның баспасөз қызметінен. 

Қазір Әли Демир кепілмен босатылды. Ал қалалық ІІД тергеу басқармасы Алмалы аудандық прокуратурасының кепілмен босату туралы шешіміне қарсы шыққан болатын. 

Еске сала кетсек, Алматыда жолға таласқан азамат жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты. Сол күні Алматы полициясы 1990 жылы туған Түркия азаматын, яғни Фольксваген Пассат көлігінің жүргізушісін ұстады. 13 жылдан бері жедел жәрдемде жұмыс істейтін Николай Кучма ашушаң жүргізушіні жазасыз қалдырмауға бекініп отыр.

Дереккөз: inform.kz

21 қыркүйек 2018, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.