Атырау, 23 желтоқсан 14:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған түрік азаматы кешірім сұрады: Желіде видео тарады

Бейнежазба
1 836 рет қаралды

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған түрік азаматы кешірім сұраған видео желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Видеода ер адам өзін таныстырып, 18 қыркүйекте болған бұл жайтқа байланысты бүкіл қазақстандықтан және жедел жәрдем жүргізушісінен кешірім сұрайды. 

Сонымен қатар, ол оқиға болған күні күйзелісте болғанын, оған 16 қыркүйекте ұрланған көлігі себеп екенін айтады. Әйелі және 5 айлық қызы бар екенін айтып, қоғамнан түсіністік танытуды сұрайды.  



Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққаны жайлы хабарланған еді. Полиция өкілдері ер адамның ұсталғанын және жауапкершілікке тартылатынын айтқан болатын. 


Дереккөз: tengrinews.kz

21 қыркүйек 2018, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.