Атырау, 25 сәуір 17:21
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Қорғастағы төбелес: Оқиғаның мән-жайы анықталды

1 249 просмотра


Қорғаста соққыға жығылған қазақстандық шекарашыға қатысты істің мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 25 жастағы ефрейтор Нұржан Молдаш қызмет атқарып жүрген. 

Ол "Қорғас" ШЫХО-ның басқа бір қызметкерін жинақтаушы аймағынан залға өткізуден бас тартқан.  Куәгерлердің айтуынша, оқиға шамамен 17.00-де болған. Сөйтсек, жинақтаушыда бір аудармашы шекарашының талабын орындаудан тас тартқан. Олардың арасында жанжал шығып, әскери қызметшіге соққы жасалған. 

Салдарынан ефрейтор құлап түсіп, тасжолға басын ұрып, есін жоғалтып алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылған.  Шекарашыны ұрған жігіт ұсталып, Қорғас полиция бөліміне тапсырылған. 

Ол уақытша ұстау изоляторында. Шекарашы Молдаш Нұржан Жеркенттегі аудандық ауруханаға жеткізілген. Зардап шегушіге "Мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ бетінің көгеруі, жағының жабық сынуы" диагнозы қойылған. 

Дереккөз: tengrinews.kz

20 қыркүйек 2018, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.