Атырау, 25 сәуір 06:02
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстан Қырғызстанға жауап нотасын табыс етті

1 613 просмотра


Қазақстан мен Қырғызстанның дипломаттары кездесу барысында басқа да екіжақты ынтымақтастық мәселелерін тақылады.

Қазақстанның елшісі Кәрім Көкірекбаев Қырғызстанның сыртқы істер министрі Ерлан Абдылдаевқа Алматы әуежайында жолаушыларды тексеруге қатысты жағдай бойынша жауап нота табыс етті. 

Бұл туралы РИА Новости-геҚазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров хабарлады. 

Бұған дейін Қырғызстандағы Қазақстан елшісіне наразылық нотасы тапсырылған еді. Қырғыз тарабы Алматы әуежайында "ҚР құзырлы органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан шектен тыс, кемсітетін қорлық әрекеттер жасалмауына" назар аударуды сұрады. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бақылау-өткізу пункттеріндегі тексерістердің әлемдік стандарттарға сай екенін және белгілі бір елдің азаматтарына қатысты қасақана мақсаттағы тексерістер жүргізілмейтінін хабарлады. 

"Қазақстанның елшісі Кәрім Көкірекбаев Қырғыз республикасының сыртқы істер министрі Ерлан Абдылдаевпен кездесті. Оған Алматы қаласы халықаралық әуежайындағы Қырғызстан азаматтарына қатысты жағдай бойынша жауап нотасын табыс етті. Нотада дүйсенбі күні хабарланған қазақстандық тараптың позициясы баяндалған", — деп хабарлады Смадияров.

Сондай-ақ, оның сөзінше, кездесу барысында  мен екіжақты ынтымақтастығының басқа да мәселелері талқыланды.

Дереккөз: sputniknews.kz

20 қыркүйек 2018, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.