Атырау, 16 сәуір 18:53
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

​Барлау қызметінің экс-басшысы Президент көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

2 000 просмотра


Ғабит Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылсын", - делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелді. 

Жанат Шәймерденов "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды. "Сырбар" қызметі Президентке бағынады. Барлау, сараптама және ұлттық қауіпсіздікпен айналысады.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 қыркүйек 2018, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.