Атырау, 25 сәуір 06:19
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​ХҚКО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртібі жеңілдетілді

1 217 просмотра


"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жеке тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру процесін жеңілдетті. Бұл үрдіс "бір терезе" қағидаты бойынша пилоттық тәртіпте жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Енді ЭЦҚ алу үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (pki.gov.kz) порталы арқылы алдын-ала өтінім беріп, жеке тұлғаны растау үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. 

Бірден ХҚО-ға келіп, электрондық кезек талонымен маманға тікелей жүгінсе, оператор барлық қажетті өтінімдер мен операцияларды өзі орындайды. Барлық процесске шамамен 5 минут уақыт кетеді. Қызмет алушы өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат пен usb тасымалдаушыны әкелуі тиіс. Ал заңды тұлғалар ЭЦҚ-ны жеңілдетілген үрдіспен қазан айының соңында ала бастайды. 

Айта кету керек, "Азаматтарға арналған үкіметтің" фронт-офистері арқылы биылғы жылдың 8 айында 4,5 миллионға жуық ЭЦҚ берілді.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 қыркүйек 2018, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.