Атырау, 23 желтоқсан 12:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​KASE: Доллар бағамы бірден 7 теңгеге төмендеді

1 710 рет қаралды


Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің Т+1 есебімен АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 363,61 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап. 

Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 6,87 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 361,9, ал ең жоғарысы - 366 теңге деңгейінде болған. 

Сауда көлемі 33,05 млн долларға жетті. Т+1 есебімен сейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 370,48 теңге, күндізгі сессияда 368,62 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 369,36 теңге болып, сауданың жалпы көлемі 70,7 млн долларды құраған.

Дереккөз: inform.kz

19 қыркүйек 2018, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.