Атырау, 23 желтоқсан 12:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сот Денис Тенді өлтірді деген күдікпен ұсталғандарға қатысты қаулы шығарды

1 505 рет қаралды


Атышулы іс бойынша барлық үш күдікті үшін де қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылды.

Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Алматы қаласы сотының баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов айтты.  

"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 11 және 12 қыркүйекте қамауда ұстау мерзімін 23 қазанға, яғни үш айға дейін ұзартуға қаулы шығарды", — деді ол. 

Ұсталған Нұрәлі Қиясов 20 шілдеде Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен қамауға алынды. Сол күні сот сырттай Арман Құдайбергеновті қамауға алуға санкция берді. Іс бойынша үшінші күдікті Жанар Толыбаева 23 шілдеде ұсталды. Аудандық сот оны 25 шілдеде қамауға алуға санкция берді. Бастапқыда олар екі айға қамалды.

 Екі күдікті ұрлық, қарақшылық жасады және кісі өлтірді деп айыпталып жатыр. Әйел қылмысты хабарламағаны үшін сотталуы мүмкін.  

19 шілде күні танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыс Алматы қаласының орталығында жасалды: спортшы автокөлігінің бүйір айнасын шешіп алып жатқан ұрыларды көріп қалған. Ол екі жігіттің соңынан қуып, ұстап алмақ болған, алайда ұрылар оның аяғынан пышақтап кеткен. Әлемге әйгілі мәнерлеп сырғанаушының қазасы үлкен қоғамдық резонанс туғызды. 

Дереккөз: sputniknews.kz

19 қыркүйек 2018, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.