Атырау, 23 желтоқсан 12:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​«Канелоның» промоутері Головкинмен үшінші айқас өткізуге сөз берді

1 403 рет қаралды


Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Инстаграмда мексикалық Сауль Альваресті Геннадий Головкинді жеңгенімен құттықтады, деп хабарлайды Sports.kz

Сондай-ақ, ол болашақта жанкүйерлердің жекпе-жектің үшінші бөлігін тамашалай алатындарын атап өтті. 

«Канело», құттықтаймын! Мексикалық чемпион. Головкин, сен тамаша боксшысың, керемет чемпионсың. Жалғасын көреміз бе? Иә, әрине көреміз. Бірақ, ең алдымен - «Канело» чемпион. Бәрін басынан бастаймыз», - деді Де ла Хойя. 

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласында өткен болатын. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерінен айырылды. Олардың бірінші айқасы былтыр тең нәтижемен аяқталған еді. 

Дереккөз: inform.kz

19 қыркүйек 2018, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.