Атырау, 29 наурыз 12:23
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Мәжілісте Әлихан Смайыловтың қаржы министрі қызметіне кандидатурасы мақұлданды

1 499 просмотра


Мәжілісте Әлихан Смайыловтың қаржы министрі қызметіне кандидатурасы мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент сайтына сілтеме жасап. 

"Бүгін Палатаның Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Қаржы министрі лауазымына тағайындау жөніндегі кандидатура келісілді. Комитет отырысының қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының премьер-министрі ұсынған Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді"", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұл қызметте болған Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі болып тағайындалған еді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

18 қыркүйек 2018, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.