Атырау, 26 наурыз 11:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

​"Головкинге ұтыс тіккен соң өзін-өзі өртеген". Полиция видео авторын тапты

1 964 рет қаралды


Астана полицейлері Геннадий Головкиннің жеңісіне ұтыс тіккен соң өзін-өзі өртеді делінген видео авторын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Полицейлер жалған видео авторын анықтады. WhatsApp-та таралған видеода автор Астанадағы Күйші Дина көшесінде біреудің өзін-өзі өртегені жайлы айтады", - делінген елордалық ІІД өкілдерінің хабарламасында. 

28 жастағы ер адам өртті видеоға түсіріп, оны сыныптастарының чатына жолдағанын айтады. 

"Ер адам жалған хабар таратқанын мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады", - деп хабарлады полицейлер. ІІД өкілдері жалған хабар таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Денреккөз: tengrinews.kz

18 қыркүйек 2018, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.