Атырау, 23 желтоқсан 11:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

СІМ Қытайда сотталған қазақстандықтың ісіне қатысты мәлімет берді

1 210 рет қаралды


Қазақстан СІМ мәліметінше, Қытайда бұл істі апелляциялық сотта қараудың қандай да бір білегіленген мерзімі қарастырылмаған.

Қытай түрмесінде төрт жылдан бері жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі облыстық деңгейге шығарылды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте.

"Қытай заңына сәйкес, онда бұл істі апелляциялық сотта қараудың қандай да бір білегіленген мерзімі қарастырылмаған. Қытай тарапының  шешімін күтеміз. Адвокаттар мен консул оған тұрақты түрде барып тұрады, ешқандай шағымы жоқ",   - деді Смадияров баспасөз өкілдерімен кездесуде.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Сол кезде 20 жаста болған қызға есірткі тасымалдады деген айып тағылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Ақжарқын кінәсін мойындаған жоқ, ол қандай жүк тасымалдағанын білмейтінін айтты.

Дереккөз: sputniknews.kz

18 қыркүйек 2018, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.