Атырау, 18 мамыр 13:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Астана Қырғызстаннан түскен нотаға қатысты тексеру бастады

1 522 просмотра


Қазақстан СІМ хабарлауынша, "Алматы әуежайында Қырғызстан азаматтарының құқығы бұзылып жатыр" деген Қырғыз билігінің мәліметіне қатысты тексеру басталған.

«Біз қазір мәселенің мән-жайын және нақты қандай тексерулер жүргізілгенін анықтап жатырмыз», - дейді Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров. Оның сөзінше, «Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік режимі барлық азаматтарға бірдей» және «өткізу пункттеріндегі азаматтардан жауап алу да мемлекеттік шекара туралы заңның аясында жүргізіледі».

14-ші қыркүйекте Қырғызстандағы Қазақстанның елшісі Кәрім Көкірекбаев, Қырғызстан сыртқы істер министрлігіне шақыртылған. Оған қазақстандық шекара қызметкерлері қырғыз азаматтарын Алматы халықаралық әуежайында жиі тексеретіні туралы арыздар себеп болған.

Қырғыз жағы «қазақстандық құзыретті органдардың әуежайда азаматтарын шектен тыс тексеретініне алаңдаушылық білдіріп, азаматтарының құқықтарын бұзуға жол бермеуге шақырып», елшіге наразылық нотасын тапсырған.

Биыл мамыр айында да қырғыз тарабы дәл осындай нота жолдаған. Сол кезде Қазақстан жағы "тексеру халықаралық террористік ұйымға мүше азаматтардың анықталуына байланысты жүріп жатыр" деп түсіндірген.

Дереккөз: azattyq.org

17 қыркүйек 2018, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.