Атырау, 24 желтоқсан 18:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстанның қарулы күштері дабыл бойынша батысқа бағыт алды

2 214 рет қаралды


Оқу-жаттығуға жалпы 5 000 сарбаз қатысып жатыр. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен қорғаныс күштерінің әскери бөлімдері мен құрамалары дабыл бойынша оқу-жаттығу жұмыстарына кірісті. Селекторлық режимде өткен жиналыс барысында "Шығыс", "Оңтүстік" және десанттық-штурм әскерилеріне Қазақстанның батыс бөлігіне қайта жасақталып бару тапсырмасы берілді, деп хабарлады Sputnik ҚР қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Әскерилер аталған аймаққа әртүрлі жолмен барады — өз жолымен, теміржол транспортымен және әскери-транспорттық авиациямен. "Батыс" әскери қолбасшыларына келіп жеткен "Шығыс", "Оңтүстік" және десенттық-штурм әскерилерін қарсы алып, оларды оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілетін алаңға апару міндеті жүктелді. Майдан алаңында болатын және шабуылдаушы авиация аэродромға, ал әскери авиация алаңдардағы вертодромдарға қарай бағыт алады.

Әскери-теңіз күштері тобы ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери кеме және катерлерімен толықты. Сондай-ақ, әскери бөлімшелердің көмегімен шекара маңындағы жекелеген сақшылар жасағы көбейді.

"Батыс-2018" штабтық-командалық жаттығулардың стратегиясымен қорғаныс министрлігінің бірінші орынбасары Мұрат Майкеев айналысады. Осы оқу-жаттығу жұмыстарына жалпы жаяу және әуе әскерлері, әскери-теңіз, арнайы операциялар күштері мен жасақтар, материалдық-техникалық қолдау білдіретін бөлімшелер, ҰҚК шекара қызметі, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті және ұлттық гвардия әскерилері жұмылдырылды. Олардың жалпы саны — 5000 сарбаз. Сондай-ақ, олар штаттық қару-жарақ және әскери техникалармен жабдықталған.

Дереккөз: sputniknews.kz

17 қыркүйек 2018, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.