Атырау, 18 мамыр 11:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Абаев Каспий конвенциясын қабылдау не себепті 20 жылға созылғанын түсіндірді

1 319 просмотра


Каспий өзімен шекералас жатқан бес мемлекет үшін үлкен қазына, сондықтанда оның құқықтық мәртебесін айқындау ұзаққа созылды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасының "Открытый диалог" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол түсіндіріп кеткендей, Каспий онымен шекаралас барлық бес мемлекет үшін үлкен қазына.

«Каспийдің құқықтық мәртебесін бекіту өте маңызды мәселе болды, ол барлық бес мемлекет үшін үлкен қазына. Сондықтанда оның құқықтық мәртебесін анықтау осыншама ұзаққа созылды», - деді министр.

Сонымен қатар, ол Каспий мәртебесін анықтаудағы бес мемлекеттің геосаяси беделіне тоқталды.

«Жасыратыны жоқ, Ресей мен Иранның осындай дәрежеде келіссөз жүргізу бойынша тәжірибесі мол және келіссөз жүргізетін мықты командасы да бар. Бұл елдердің халық саны немесе ядролық әлеуеті барлық мәселені шешетін болса дипломатия дипломатия болмас еді. Біздің Мемлекет басшымыздың Каспий мәселесін шешу бойынша қолына күшті дәйектер жинай білген тәжірибелі саясаткер», - деген Дәурен Абаев аталған дәйектерге кеңінен тоқталды.
«Иранмен ортақ келісімге келу оңай емес, алайда Қазақстан Иран үшін сенімді серіктес бола білді. Қазақстан, Иран, Түркіменстан, Қытайдың арасында Жібек Жолы жобасы бойынша өзара тиімді қарым-қатынас орнатылған. Қазақстан аталған жоба аясында қысқамерзімде теміржол торабын сала білді. Бұл Иран үшін аса маңызды жоба. Сонымен қатар, Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы және Сирия бойынша келіссөз жүргізуге ұйытқы болды. Осының бәрі Иранның Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатына дегін сенім деңгейіне әсер етеді», - деді Абаев.

Дереккөз: Baq.kz

17 қыркүйек 2018, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.