Атырау, 18 мамыр 11:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мамин "Роскосмос" басшысымен ғарыштық байланыс спутниктерін бірлесіп құруды талқылады

1 499 просмотра


Сондай-ақ, инвестициялар тарту мақсатында Байқоңыр қаласында арнайы экономикалық аймақ құру мәселелері пысықталып жатыр.

Мәскеуде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен "Байқоңыр" кешенін одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмастырылып, "Бәйтерек" бірлескен Қазақстан-Ресей жобасының іске асырылу барысы талқыланды.

"Байқоңыр" кешені жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы жұмыс тәртібі, сондай-ақ Байқоңыр қаласын дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Қазіргі таңда инвестициялар тарту мақсатында Байқоңыр қаласында арнайы экономикалық аймақ құру мәселелері пысықталып жатыр.

Сонымен қатар, кездесу барысында ғарыштық байланыс спутниктерін бірлесіп құру саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Дереккөз: bnews.kz

17 қыркүйек 2018, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.