Атырау, 19 сәуір 07:00
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Ақтөбеде бензин тасымалдайтын көлік жарылысынан кейін ауруханада екі адам қайтыс болды

1 844 просмотра


Ақтөбеде бензин тасымалдайтын көлік жарылысынан кейін зардап шеккен екі оператор көз жұмды. Оның бірі 30 жастағы ер адам 15 қыркүйекте және 55 жастағы әйел 17 қыркүйекте қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Жарылыс 10 қыркүйекте өндірістік аймақта болған. Нәтижесінде бензин құятын екі оператор зардап шеккен. Олар жансақтау бөлімінде болған. Бензин тасымалдау көлігінің жүргізушісі Болат Сәрсенов те күйіп қалған. 

"Термикалық күйік шалған екі науқас та қайтыс болды. Ер адам 15 қыркүйекте кешке, ал әйел бүгін таңертең қайтыс болды. Ер адамның денесі мен жоғарғы тыныс жолдарын термикалық күйік шалған, денесінің 65-70 пайызы күйген. Әйелді 2-3 дәрежелі күйік шалған", - деді жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапанов. 

Үшінші зардап шеккен - бензин тасымалдаушы көліктің жүргізушісі Болат Сәрсенов қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Оның жағдайы тұрақты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

17 қыркүйек 2018, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.