Атырау, 23 желтоқсан 11:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қырғызстан Қазақстанға нота жолдады

2 102 рет қаралды


Қырғызстандағы Қазақстанның елшісі Кәрім Көкірекбаев қыркүйектің 14-і күні Қырғызстан сыртқы істер министрлігіне шақыртылған. Оған қазақстандық шекара қызметі өкілдерінің қырғыз азаматтарын Алматы халықаралық әуежайында жиі тексеретіні себеп болған.

«Кездесу барысында қырғыз жағы қазақстандық құзыретті органдардың әуежайда азаматтарын шектен тыс тексеретініне алаңдаушылық білдіріп, азаматтарының құқықтарын бұзуға жол бермеуге шақырады. Елшіге Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің наразылық нотасы тапсырылды», - делінген Қырғызстанның СІМ баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Биыл мамыр айында да қырғыз тарабы дәл осындай нота жолдаған. Сол кезде Қазақстан жағы «тексеру халықаралық террористік ұйымға мүше азаматтардың анықталуына байланысты жүріп жатыр» деп түсіндірген.

Қырғызстандықтар Қазақстан арнайы қызметі Алматы әуежайында жеке басқа қатысты түрлі сұрақтар қойып, мобильді телефондардың IMEI-кодтарын жазып алады деп шағымданған.

Дереккөз: azattyq.org

17 қыркүйек 2018, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.