Атырау, 19 сәуір 23:18
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Мемлекеттік қызметтің тағы 13 түрін бір реттік кілтсөз арқылы алуға болады

1 235 просмотра


«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Мобильдік үкімет» қосымшасының жаңартылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«M-Gov» нұсқасын жаңарту шеңберінде, сонымен қатар бір реттік кілтсөз* арқылы пайдаланушының авторизациясы бойынша функционал іске асырылады.

Енді, «mGov» мобильдік қосымшасының пайдаланушылары қолданыстағы қосымша арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметің 43 түрі мен 13 түрлі ақылы қызметінен басқа, бір реттік кілтсөз арқылы тағы да 13 қызметті ала алады.

Ал IOS базасында «Мобильдік үкімет» қызметтерін пайдалануды бастау үшін, қосымшаны жаңарту жеткілікті. Android үшін Google Play – де «mGov» қосымшасын жүктеп аласыздар.

* Бір реттік кілтсөз – сұрау салуды жібергеннен кейін тексеру кодымен пайдаланушының ұялы телефонына келетін sms-хабарлама. Бір реттік кілтсөзді пайдаланушы «M-Gov» мобильдік базасында тіркелуі тиіс.

Бір реттік пароль көмегімен алынатын 13 қызметтің тізімі:

1. Мекенжай анықтамасын алу;

2. Заңды тұлғаның, филиал немесе өкілдіктің барлық тіркелген әрекеттері туралы анықтама алу;

3. Тіркелген заңды тұлға, филиал және өкілдік туралы анықтама;

4. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің болуы туралы анықтама;

5. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама алу;

6. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама;

7. Некеге тұру туралы анықтама;

8. Некені тіркеуге электрондық өтініш беру;

9. Баланың туу туралы анықтама;

10. Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама;

11. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама;

12. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

13. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру.

Дереккөз: Baq.kz

17 қыркүйек 2018, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.