Атырау, 14 қаңтар 11:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Бапкер Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі қашан болуы мүмкін екенін айтты

1 840 рет қаралды


Абель Санчестің айтуынша, Головкиннің осы жылдың желтоқсанында немесе 2019 жылдың басында рингке шығуы екіталай.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өтетін үшінші жекпе-жектің қашан болуы мүмкін екенін айтты.

Абель Санчестің сөзінше, "Golden Boy Promotion" компаниясының президенті Эрик Гомес GGG-дің жеңілісінен кейін үшінші кездесу өткізу қажеттігін айтқан. BoxingScene Санческе сілтеме жасап, Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 5 мамырда өтуі мүмкін екенін жазды.

Бапкер орта салмақтағы WBC/WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Головкиннің осы жылдың желтоқсанында немесе келесі жылдың басында шаршы алаңға шығуы екіталай екенін атап өтті. Санчестің пікірінше, қазақстандық боксшыға қазір демалыс қажет.

Айта кетсек, Лас-Вегаста өткен бокс кешінде отандасымыз кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты. Төрешілердің шешімімен 12 раундқа созылған қарымта жекпе-жек мексикалық Сауль Альварестің пайдасына шешілді. Осылайша Головкин WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылып қалды.

Дереккөз: sputniknews.kz

17 қыркүйек 2018, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.