Атырау, 23 сәуір 15:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Бас санитарлық дәрігер ең қауіпті тымау вирусын атады

2 836 просмотра


ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин биылғы вакциналау шараларын түсіндірді, хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оның сөзіне қарағанда, жыл сайын елімізде 500 мыңнан 1 миллионға дейін тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялардың жағдайлары тіркеледі. Өткен жылы алдын алу шараларының нәтижесінде  ЖРВИ саны азайып, 530 мың жағдай байқалды. «Биыл тиісті талдау жұмыстарын жүргіздік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша 2018-2019 жылдардағы эпидмаусымына жаңа вакцина жеткізілді. Бұл ресейлік «Гриппол+» вакцинасы құрамында тымаудың үш типі бар. Атап айтқанда, үш штамм арасында А (H1N1) - Мичиган, А (H3N2) - Сингапур, В - Колорадо қамтылған. Осы түрлері ең қауіпті деп саналады, оның ішінде Сингапур жаңа тип болғандықтан тымаудың бұл түріне иммунитет кеңінен қалыптаса қойған жоқ», - деп түсіндірді Ж. Бекшин. 

Бас санитарлық дәрігердің атап өтуінше, биыл вакцинаны жаппай егу шаралары елімізде 1 қазаннан басталады. Ал кейбір өңірлерде бұл жұмыстар ертерек іске асырылуы мүмкін. Белгілі болғандай, ЖРВИ-дың және тұмаудың эпидемиологиялық маусымы 2018 жылғы қазанда басталып, 2019 жылғы мамырға дейін созылады. Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ақпараты бойынша Қазақстанда қазан айынан бастап тұрғындардың 10 пайызы вакцинацияланады. 2018 жылы бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ +» вакцинасының 1,5 млн дозасы 1 млрд 200 млн теңгеге сатып алынды. Вакцина A (H3N2) және A (H1N1) және В тұмау штаммдарының антигендерін қамтиды. Одан басқа Қазақстанда 3 өндірушінің тұмауға қарсы тағы 4 вакцинасы тіркелген. 

Таратылған мәліметтерге қарағанда, алдын алу мақсатында әрбір адам қалауы бойынша тұмауға қарсы ақылы түрде вакцина алады.  Бұл шаралар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бар жекеменшік вакцинациялау орталықтарында, тұрғылықты жері бойынша егу кабинеттерінде жүргізіледі. Тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізілетін осындай медициналық мекемелердің мекенжайлары тұрғылықты жері бойынша аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерінің және денсаулық сақтау басқармаларының сайттарында орналастырылатын болады. Әртүрлі өңірлердегі ақылы егу кабинеттерінде тұмауға қарсы вакцинаның құны  1600 теңгеден бастап 3500 теңге аралығында болады деп күтілуде. 

 

Дереккөз: inform.kz

 

14 қыркүйек 2018, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.