Атырау, 22 қыркүйек 11:49
Күндіз ашық+23, кешке +16
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 359.00  € 420.10  P 5.41

ІІМ басшысы қазақстандықтардың сынына жауап берді

14 қыркүйек 12:12


Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов қазақстандықтардың сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Өкінішке қарай, соңғы кездері ішкі істер министрлігі және полиция қатты сынға ұшырап жүр. Көп жағдайда сын дұрыс айтылып жатыр. Шын мәнінде полицияда шешілмеген мәселелер өте көп, олармен жұмыс істеп жатырмыз. Оны қоғамнан жасырмаймыз. БАҚ жариялаған материалдарды министрлік жіті бақылап отырады. Әрбір мәліметке қатысты заңбұзушылық анықталса, қатаң шаралар қолданылады. Жұмыстан босатуға дейін барамыз", - деді министр.  Оның айтуынша, өткен жылы теріс пиғылмен ішкі істер органдарынан 600 қызметкер жұмыстан босатылған.  "Қолданылып жатқан шаралардың жүргізіліп жатқанына және әкімшілік санкцияларсалынғанына қарамастан, көліктегі полицейлердің жұмысы азаяр емес. Өткен жылы 17,8 мың мас жүргізуші ұсталды. 25,6 мың жүргізуші сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылды, ал 2200 жүргізуші - әкімшілік қамауға алынды. (...) Бүгінде рецидив қылмыстармен жұмысты күшейтуді қарастырып жатырмыз, бұрындары сотталған 30 пайыздан аса күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың әрбір бесіншісінің өтелмеген мерзімі бар", - дейді министр.  Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құқық қорғау жүйесінде модернизация жүргізілуде.  Алматыда өткен қоғамдық кеңес отырысында Президент әкімшілігінде құқық қорғау жүйесі бөлімін басқаратын Алексей Калайчиди оқыту жүйесі түбегейлі өзгертілетіні және жаңа қызметкерлерді жұмысқа алу кезіндегі алгоритмде өзгеретінін айтты. Құқық қорғау жүйесіне модернизацияның жасалу себебі халықтың сенім арту деңгейінің төмендеп кетуіне байланысты екені айтылады.

 

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

116 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Ішкі істер минстрлігі Алматы ІІД басшысы Серік Күдебаевқа қатысты тексеріс қорытындысын жариялады   375 рет қаралды

​Пәтер дауы. Тұрсынғали Алагөзов ұлына жауап берді   639 рет қаралды

Бас прокурор Назарбаевтың сынына жауап берді   857 рет қаралды

Лимана Қойшиева президенттікке өзін-өзі ұсыну шешімі жөнінде пікір білдірді  899 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6