Атырау, 19 қараша 14:31
Кешке ашық-3, түнде -4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 367.06  € 416.17  P 5.56

АШМ қант төңірегіндегі жасанды дүрбелеңге берілмеуге шақырады

14 қыркүйек 11:01


Үкімет пен бизнеске мемлекетті қантпен қамтамасыз ету үшін резервтерді, ең алдымен меншіктегі ресурстар есебінен анықтауы қажет, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі. 

Кедендік баждарды енгізу- бұл ірі экспортаушылар арасында танымал емес, бірақ нәтижесінде ішкі өндірістің қарқынды дамуына, ішкі нарықта отандық кәсіпорындардың қайта өңделген тауардың пайыздық арақатынасының ұлғаюына әкелетін қажетті шара. Ауысу оңай болмайды, бірақ оны мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірлесе іске асыру керек. Бұл модель шикізат өндіруден қантты іске асыруға дейінгі салааралық және шаруашылықаралық байланысты дамытуды көздейді. Бұл қанттық қызылша өндіріс өнімінің құнының төмендеуіне және тұтынушылық сұранысты қанағаттандыруға, бүкіл ауыл шаруашылық тауар өндірушілер тізбегінің дамуына оң әсер етеді. Денсаулыққа аса пайдалы өнімді тұтынуды ұмытпау керек, бұл бал мен ара шаруашылығының дамуына әкеледі. Бүгінгі таңда қант тұтыну көбейетін маусымның басталғандығын, алыпсатарлықты және қант қызылшасының жаңа өнімінің жинастыруға дайындық жайын да ескеру қажет. 

Осыған байланысты, қанттың шамалы қымбаттауы мүмкін, дегенмен ол импорттық өндірістің және бағалардың маусымдық ауытқу шегінде болады. Сондықтан саланың негізгі көрсеткіштері аса қатты тапшылықты, оның үстіне мемлекетте қант қорының толық сарқылуын көрсетпейді. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларындағы статистика мәліметтеріне қарағанда, ақ қанттың өндірісі 138,6 мың тонна, экспорт 50,7 мың тонна, импорт 121,0 мың тонна болды. Нәтижесінде алты ай ішіндегі тұтыну 209 мың тоннаны құрады, бұл алдыңғы жылға көрсеткішке қарағанда 32 мың тоннаға аз. Қазіргі уақытта өңірлік тұрақты қорларда қант қоры жеткілікті. Соған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі қант төңірегіндегі болуы мүмкін жасанды дүрбелеңге берілмеуге шақырады. Бұл әрқашанда бағаның жоғарылауына соқтырады.   

 

Дереккөз: inform.kz

 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

155 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3