Атырау, 6 мамыр 18:36
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Шымкенттегі 3 жасар қыздың өлімі: Интернет арқылы пицца мен сушиге тапсырыс берген

1 702 просмотра


Шымкентте кафеде тамақтанған қыздың өлімінен кейін тексеріс жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасап.

"Шымкентте баланың уланып, кейін қайтыс болу дерегі бойынша "Адана" кафесінде жоспардан тыс тексеріс басталды. Бактериологиялық зерттеу кезінде жүргізілген алдын ала тексеріс кезінде зардап шеккендер жеген пиццалар алынды. Олар пиде жеген, сүт пен бананнан жасалған коктейль мен су ішкен. Бұдан бөлек, кафе қызметкерлері де тексерістен өтті. Тексеріс барысында зардап шеккендердің кафеден кейін үйге интернет арқылы пицца мен сушиге тапсырыс бергені анықталды. Барлығы зерттеуге алынды", - деп хабарлады комитет өкілдері. Сондай-ақ, ведомство өкілдері бала өлімі дерегі бойынша Шымкенттің Денсаулық сақтау басқармасы мен Қоғамдық денсаулық комитеті өкілдерінің комиссия құрғанын, онда тәуелсіз сарапшылардың болатынын айтып өтті.  Қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жоспардан тыс тексеріс жүріп жатыр. Зерттеу нәтижесі қосымша хабарланады. Еске сала кетейік, мұның алдында Шымкентте кафеде тамақтанғаннан кейін үш жасар қыздың қайтыс болғаны хабарланған болатын. Бұл туралы қыздың анасы Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Әйелдің айтуынша, ол 8 қыркүйекте қызымен бірге қаладағы кафелердің бірінде тамақтанған. Бірақ келесі күні олардың жағдайы нашарлап, лоқси бастап, нәтижесінде қыз ауруханада көз жұмған.

 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

13 қыркүйек 2018, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.