Атырау, 23 желтоқсан 09:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ұлттық бюро ІІМ басқарма басшысын 11 миллион теңге парамен ұстады

1 496 рет қаралды


2018 жылы 12 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күрес басқармасының басшысын сыбайлас жемқорлық күдігімен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның ресми өкілі Жанна Бастароваға сілтеме жасап.

"Көліктегі ІІД  ұйымдасқан қылмыстық топқа күрес басқармасының басшысы 11,5 миллион теңге пара алу кезінде ұсталды. Бұл сома алдын ала лауазымды қызметкердің қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы үшін 50 мың АҚШ долларының бір бөлігі екені анықталды. Ұстау кезінде ол қарсылық көрсетіп, Ұлттық бюро департаменті қызметкерінің көлігіy бүлдіріп, қашып кетпекші болды", - делінген ведомство хабарламасында.  Күдікті Астана ІІД уақытша қамау изоляторына қамалды.  

 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

13 қыркүйек 2018, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.