Атырау, 23 желтоқсан 09:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан алтын қоры бойынша Сауд Арабиясынан асып түсті

2 161 рет қаралды


Қазақстан 2018 жылы алтын қоры көрсеткіші бойынша Сауд Арабиясынан озып, жалпы рейтингте 15-орында тұр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Жыл басынан бері Қазақстанның Ұлттық банкі отандық өндірушілерден 33 тонна аффинаждалған алтын алды.  "Қазіргі уақытта Қазақстан алтын қоры бойынша 15-орында тұр. 2018 жылы Сауд Арабиясынан озып кеттік. 2018 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Ұлттық банкінің алтын портфелі - 333 тонна, бұл дегеніміз 12,8 миллиард доллар", - деді Ұлттық банк өкілдері өкілдері.  Ұлттық банк қазақстандық алтынның әлемдік саудада танымал болуы үшін, алдағы болашақта аффинаж алтынның небәрі 4 пайызын сатуды көздеп отыр екен.  

Сондай-ақ, Ұлттық банк өкілдері 2018 жылдың басынан әлем саудасында алтын бағасы 8 пайызға түскенін айтады. Бұған доллардың нығаюы себеп болды.

 

Дереккөз: tengrinews.kz

13 қыркүйек 2018, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.