Атырау, 19 желтоқсан 02:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақстанда доллар неге өсе береді?», «Үкіметтегі дағдарыс. Кім кінәлі? Сағынтаев кінәлі емес», «Депутаттар шикізат өндіруші компаниялар мен банктерге шүйлікті», «Шыр етіп дүниеге келгеннен қара жерді көрпе етіп жамылғанға дейінгі ғажайып ғұмыр».

2 045 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Орын жетпеген оқушылар басқа ғимаратта оқуға мәжбүр» -Шымкентте бірнеше мектепте орын жетпегендіктен оқушылар бөлек ғимараттарда оқып жатыр. Жергілікті білім басқармасы мәселені шешу үшін босаған әкімдік ғимараттарын мектепке пайдалануды ұйғарған.

«Тағы бір тұтқын түрмеден ауруханаға түсті» - Заречный түрмесіндегі жазасын өтеушіге Қапшағай қалалық ауруханасында операция жасалды. Туыстары оның "түрмедегі азаптаудан құтылу үшін амалсыз бұрандама жұтып алғанын" айтады. Колония басшылығы "сотталушы түрме тәртібіне қарсылық білдірді" дейді. Оқиғаны ІІМ тексере бастады.

«Қырғызстанда бала сату қылмысы жиіледі» - Бішкектегі бір перзентхананың қызметкерлерінің үсінен жаңа туған балаларды сату оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған екі медицина қызметкерінің біреуі тұтқындалды. 2018 жылдың басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған балаларды сатуға қатысты осымен бесінші оқиға тіркелген. Бірақ мамандар іс жүзінде мұндай оқиғалар көп болуы мүмкін екенін ескертіп, олардың алдын алу шарасын күшейтуге шақырады.

«Бай баласы болса да, тәжірибесі жоқты басшылыққа қоймайды» - Еуропаға шарап жасау ісін зерттеуге барған қазақстандық Екатерина Брицкая қазір Испанияда тұрады. Ол Пиреней түбегіндегі білім алу ерекшелігі мен басқару дәстүрі туралы көрген-түйгенін Азаттыққа айтып берді.

QAMSHY.KZ. «Үкіметтегі дағдарыс. Кім кінәлі? Сағынтаев кінәлі емес» - Осыдан бес алты жыл бұрын Қазақстан Ішкі жиынтық өнімнің көлемі бойынша әлемде 42 орынға шыққан. Сол тұста біздің еліміздің басшылығы әлемде отыз экономикалық қуатты елдер арасына кірмек стратегиялық мақсат қойған. Бірақ 2015-2016 жылдары біздің мемлекет үшін экономикалық сәтсіздіктер басталды. 

«Талғат Теменов. Үндемес» - Егер оны көшеден көріп қалсаңыз, танымауыңыз мүмкін. Жиын-тойға барғанда, тіпті бір дастарханда отырсаңыз да, оның артист екенін білмей қалуыңыз да ғажап емес. Себебі, ол – сондай. Сөзге шешен, пысық емес. Алғыр деп те айту қиын. Қарапайым... Көбінде үндемес. Сөзге шорқақ.

«Шыр етіп дүниеге келгеннен қара жерді көрпе етіп жамылғанға дейінгі ғажайып ғұмыр» - 12 қыркүйек Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні. Бүгін көзі тірі болса 56 жасқа келер еді. Озық ойлы саясаткерді еске алу мақсатында Алтынбек Сәрсенбайұлының бала шақтан саясаткерлікке дейінгі сара жолын баяндайтын мақаланы Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.

365INFO.KZ. «”Соған көшсек, Путиннен құтыламыз!”. Сарапшы Ресейден алшақтаудың амалын айтты» -  «Қазақстандағы орыс ұлтының өкілдері ассимиляцияланып кетуден емес, белгісіздіктен қорқады» деген екен Мұхтар Сеңгірбай. Жөн айтып отыр. Белгісіздіктің қақ ортасында тұрмыз қазір.  Сулейман Демирел университетінің аға оқытушысы, конфликтолог ғалымның «Қазақ әдебиетіне» берген сұхбатын ықшамдап ұсындық.

«Депутаттар шикізат өндіруші компаниялар мен банктерге шүйлікті» - Доллар өссе табысы көк қағаздан тұратын шикізат компаниялары мен банктердің ақшасы еселеніп, есебі түгел болады. Ал соның салдарынан орын алған қымбатшылық халықты қыспаққа алып, шығынға батыруда. Мәселен, халықтың зейнетақы қорындағы жинақтары мен депозиттегі теңге түрінде салымдары жыл сайын құнсыздана түсуде.

«Қазақстанда доллар неге өсе береді?» - Көптеген сарапшылар Қазақстан экономикасының Ресейге тым байланып қалғанын алға тартады. Себебі АҚШ және Еуродақтың салып жатқан түрлі саяси, экономикалық санкциялары Ресейдің күйзелуіне әкелді.


13 қыркүйек 2018, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.