Атырау, 23 сәуір 15:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Мемлекеттік елтаңбадағы жазба өзгертілді

1 930 просмотра


Еліміздің елтаңбасының жаңартылған нұсқасында QAZAQSTAN сөзі қолданылады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2018 жылдың 12 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев пен мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековтің және "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. 

Жиын нәтижесі бойынша "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық жағдайлар" заңына өзгертеулер енгізу туралы шешім мақұлданды. "Осылайша, "Қазақстан" сөзі өзгертіліп, мәтін латын графикасында жазылатын болды - "QAZAQSTAN", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Еркема Мұхтар.  Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібековтің елтаңбаның тарихы мен құрылымы жайлы сипаттаған әдістемесіне сілтеме қойылды. Айта кетейік, мұндай өзгерістер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" жарлығына сәйкес енгізіліп отыр.

 

Дереккөз: tengrinews.kz

13 қыркүйек 2018, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.