Атырау, 24 сәуір 23:51
 ашықВ Атырау +21
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қазақстанда балаға екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін

1 653 просмотра


Жыл басынан бері 500-ден астам қазақстандық балаларына екпе салдырудан бас тартқан. Қазақстан  Денсаулық сақтау министрлігі балаға екпе алудан бас тартқандарға айыппұл салуды ұсынды.

Министр Елжан Бiртанов Денсаулық кодексіне енгізілуі мүмкін түзетулер туралы айтты. 

"Өкінішке қарай, елімізде екпеден бас тартатын жағдайлар кездеседі. Кейбір елдерде мұндай азаматтарға арнайы шара қолданылады. Германияда, мысалы, мұндай балалар мектепке кіргізілмейді. Бізде ондай жоқ. Әрине, сарапшылармен, қоғамдық ұйымдармен бірге талқылаймыз", — деп жауап берді Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі шешім әлі қабылданбағанын атап өтті.

Қазақстанда жыл басынан бері кем дегенде бес жүз балаға екпе салынбаған, олардың жартысы діни ұстанымына байланысты бас тартқан.

Бәрінен жеке пікіріне сүйеніп бас тартатындар көп, олардың саны 50 процентке жуық.   

Қазақстанда жыл сайын бес миллионға жуық адам инфекциялық ауруларға қарсы егіледі, оның ішінде 1,3 миллион бала бар.  

 

Дереккөз: sputniknews.kz

12 қыркүйек 2018, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.