Атырау, 5 мамыр 07:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Назарбаев биліктегі ауыс-түйістердің мәнін түсіндірді

2 015 просмотра


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің құрамымен жиын өткізді. Назарбаев жиын барысында Әділбек Жақсыбековке ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы кезіндегі жұмысы үшін және басқа да мемлекеттік қызметтерде атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы оның Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесін айтып өтті. "Сіздердің барлығыңыз Әділбек Рыскелдіұлын білесіздер, ол көптеген уақыт бойы менің жанымда болды. Ол елорданың тұңғыш әкімі болды, барлық қызметіне жауапкершілікпен қарап, адал қызмет етті. Оған зор денсаулық пен сәттілік тілеймін, - деді Қазақстан Президенті. Бұдан бөлек Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған Әсет Исекешевті таныстырды. "Әсет Өрентайұлы менің көмекшім болды, министр, вице-премьер қызметтерін атқарды. Елордадағы соңғы екі жарым жыл уақыт қызметі барысында оған тұрғындардан жақсы баға берілді. Дәл қазір бізге сондай адам керек. Ол Астана әкімі боған кезде біз "ЭКСПО-2017" мен Астананың 20-жылдығын үлкен мақтанышпен, құрметпен атап өтті. Әсет Өрентайұлының осы міндетті атқара алатынына сенімдімін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Жиын соңында Мемлекет басшысы ҚР Президенті Әкімшілігінің еліміздің экономикалық жағдайы мен халықтың дәулеттілігіндегі негізгі рөлін, сондай-ақ, алдағы уақытта атқарылуы тиіс тапсырмаларды айтып өтті. "Аппарат алдында маңызды тапсырма тұр - осыған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып, оларды бақылауда ұстау. Қазіргі уақытта жұмыстың басым бөлігінің өңірлік деңгейде екенін айтып өткім келеді. Әкімдіктегілердің қызметін тиімді ұйымдастырып, олармен байланыста болып, көмектесіп тұру қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, кеше, 10 қыркүйекте Әсет Исекешевтің Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалғаны және Әділбек Жақсыбековтің қызметінен босатылғаны хабарланған еді. Кейінірек Президент Әкімшілігінің басшысы болған Жақсыбековтің "Цесна" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғаны хабарланды.

 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

11 қыркүйек 2018, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.