Атырау, 5 мамыр 11:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Сағынтаев: «Шырылдаған шегірткедей» күз түскенде дірілдеп, жұмысымыз жүрмей қалмасын

1 239 просмотра


Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жыл басынан бергі 8 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен бюджет қаражатының игерілуі тұрғысында кемшілік жіберген министрлер мен өңір басшыларына ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

«Бірқатар өңірлердің баяндамасын, есебін тыңдадық. Тағы да қосымша уәделерін алдық. Дегенмен, Елбасының тапсырмасы бойынша өсім 4 пайыздан (ЖІӨ көрсеткіші - авт.) төмен болмауы керек. 8 айдың қорытындысы 3,8 пайызды көрсетіп отыр. Тимур Мұратұлының (Сүлейменов - авт.) баяндамасында көрсетілгендей, жылдың соңына дейін 4 пайызбен аяқтау үшін біз 4 айдың көлемінде 4,2 пайызбен өсуіміз керек. Жұмыс күрделенді. Белгілі мысалдағыдай «ала жаздай ән салып, шырылдаған шегірткедей» күз түскенде дірілдеп, жұмысымыз жүрмей қалып жүрмесін. Негізгі мәселе - тамыз айындағы жұмыстың жүрмеуінде. Босаңсып кеттік. Сол себептен, Елбасының тапсырмасын орындап, жылды жақсы көрсеткішпен аяқтау керек», - деді Сағынтаев бүгінгі Үкімет отырысында. Үкімет басшысы осы себепті өңір басшыларына мән-жайды анықтап, жұмысын тиісті дәрежеде атқармаған басшылардың жауапкершілігін қарауды тапсырлды. «Қабылданған шаралар мен тәртіптік жазалар туралы ақпарат бір аптаның ішінде Премьер-министр кеңсесіне тапсырылатын болсын. Ұлттық экономика министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдармен Премьер-министрдің кеңсесімен біріге отырып, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, «Атамекенмен» бірлесе отырып, селекторлық кеңес өткізуді тапсырамын», - деді Бақытжан Сағынтаев.   

 

Дереккөз: inform.kz

 

11 қыркүйек 2018, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.