Атырау, 23 желтоқсан 07:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Головкин - Альварес реваншының нақты басталу уақыты анықталды

2 315 рет қаралды


15 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында өтетін бокс кешінің тікелей эфирге шығу уақыты мәлім болды. 

Кештің басты оқиғасы WBC, WBA (Super) және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 нокаут) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 нокаут) арасындағы жекпе-жек.  ESPN Deportes мәліметі бойынша, бокс кеші жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де басталады (Астана уақыты бойынша 16 қыркүйекке қараған түні сағат 03:00-де), ал PPV-андеркарты (ақылы көсетілім) трансляциясы 17:00-ге жоспарланған (Астана уақытымен сағат таңғы 06:00).  Головкин мен Альварес рингке жергілікті уақытпен сағат 19:00 мен 19:30 аралығында шығады деп күтіледі. Ал қазақстандық көрермендер үшін басты жекпе-жек 16 қыркүйекте, жексенбіде сағат 08:00 мен 08:30 аралығында басталады. Қазақстанда тікелей эфирді QazSport және Qazaqstan арналарында көрсетеді.  

Геннадий Головкин мен "Канело" Альварестің реванш үшін алатын гонорары мәлім болды. Головкин-Альварес бокс кешінде сегіз жекпе-жек жоспарланған. PPV трансляциясына Никарагуалық төрт салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы Роман Гонсалес (46-2, 38 кило) пен мексикалық Мойсес Фуэнтеспен (25-5-1, 14 КО) тартысы, IBF-тің орташа салмақтағы бұрынғы чемпионы канадалық Дэвид Лемье (39-4, 33 КО) және ирландиялық Гэри О’Салливан (28-2, 20 КО) және WBO бойынша бірінші орташа салмақ дәрежесі чемпионы, мексикалық Хайме Мунгуяның (30-0, 25 КО) канадалық Брэндон Кукпен (20-1, 13 КО) жекпе-жегі көрсетіледі.  Геннадий Головкин екінші ұрыста өзінің барлық титулын тігіп, The Ring чемпионы болуға және WBC-дің арнайы белбеуін алуға мүмкіндігі бар. Еске сала кетейік, Головкин мен Алварес арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте сол алаңда тең нәтижемен аяқталған.

 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

10 қыркүйек 2018, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.