Атырау, 30 қаңтар 05:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63

Астана әуежайындағы ұшу алаңында жөндеу жұмыстарына байланысты рейстер кейінге шегеріледі

1 741 рет қаралды


Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында  ұшу алаңында жөндеу жұмыстарына байланысты рейстер кейінге шегеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Қыркүйектің 10-21 аралығында күндізгі уақытта ұшып-қону жолағы жабылады. Жөндеу жұмыстары жерігілікті уақыт бойынша 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. Түске дейін әуежайдан ұшып шығатын және ұшып келетін рейстердің барлығы кейінге шегеріледі", - деді әуежай баспасөз қызметінің өкілдері.  Әуе рейстерінің жаңа уақытын білу үшін әуежайдың анықтама бюросына мына нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 (7172) 702 999 (тәулік бойы жұмыс істейді). Әуежайдағылардың айтуынша, тек ұшып-қону алаңы ғана жабық болады, ал терминал штат режимде жұмыс істейді екен.

 

Дереккөз: tengrinews.kz

7 қыркүйек 2018, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.