Атырау, 5 мамыр 02:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Теңге бағамының ауытқуы бағаға айтарлықтай әсер етпейді - Сүлейменов

1 563 просмотра
Фото: vlast.kz

Теңге бағамының ауытқуы азық-түлік бағасына әсерін береді, бірақ жалпы нарық бағасына айтарлықтай әсер етпейді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бағам мен инфляция арасында байланыстың бары сөзсіз, себебі біз өзіміздің өнімімізді ғана қолдана алмаймыз. Бірақ біз өзімізді 80 пайызға дейін асырап отырмыз деп айтқан күнде де, бұл барлығына жетпейді. Мысалы, Ресей маңындағы елдер тауарларды сол жақтан алады, Өзбекстанға жақын орналасқан аумақтар Өзбекстаннан сатып алды, сол сияқты", - деді Сүлейменов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында. "Бағам инфляцияға үнемі әсер етіп отырады, азық-түлік бағасына да әсер етеді. Бірақ оның әсері айтарлықтай бола ма? Айтарлықтай әсері болмайды деп айтамын, себебі азық-түлік өнімдерінің 80 пайызы өзімізден келеді", - деді министр. Оның айтуынша, теңге бағамы 10-20 пайызға өзгерген жағдайда тауарлардың бағасы да сонша пайызға қымбаттауы мүмкін емес.

 

Дереккөз : tengrinews.kz

7 қыркүйек 2018, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.