Атырау, 2 наурыз 21:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай бизнес форумын ашты

1 779 рет қаралды


Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу - бір жол» идеясының бесжылдығына арналған Қазақстан-Қытай бизнес форумын ашты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Баршаңызды Қазақстан-Қытай бизнес форумының басталуымен құттықтаймын. Қазақстан тәуелсіз ел болғалы қос мемлекет арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Қытай Халық Республикасы – Қазақстанның сыртқы саудадағы ірі әріптесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 32%-ке өсіп, 10 млрд АҚШ долларына жетті», - деді президент видеоүндеу арқылы.

Елбасының айтуынша, ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Қытайдан келген тікелей инвестиция 15 млрд АҚШ долларын құрапты.

«Қытай компаниялары – Қазақстанның ірі жобаларын іске асыру жолында негізгі серіктестердің бірі. Олар біздің елдегі инвестициялық процестерге белсенді қатысуда. Осының бәрі өзара сенімге негізделген екі жақты қатынастардың дұрыс бағытта дамып келе жатқанын білдіреді», - деді Назарбаев.

 

Дереккөз: baq.kz

 

7 қыркүйек 2018, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.