Атырау, 19 сәуір 16:12
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

БҚО-да полицей взвод командирін атып өлтірді

1 741 просмотра


БҚО-да аудандық ІІБ ауласында взвод командирін атып өлтірді, - дер хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Төтенше жағдай Ақжайық аудандық ІІБ ауласында 6 қыркүйекте сағат шамамен 16.30-да болған.  Облыстық ІІД өкілдерінің хабарына қарағанда, ІІБ территриясында ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-батальонының полиция сержанты (1994 жылғы) табель қаруымен ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-батальонының взвод командирін (1986 жылғы) атып өлтірген. Ол алған жарақатынан қаза тапты.   Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталу үстінде. © mgorod.kz Оқиға аудандық кіші істер бөлімінің ауласында болды. Полицей өз басшысы - взвод командирін атып өлтірді. Тергеу басталды. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақыттағы хабар осы", - деп хабарлады Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов. "Шақырту 16.32-де түсті. Жедел жәрдем оқиға орнына төрт минут өткенде келді. Алайда оқ жарақатын алған ер адам дәрігерлер келгенше жан тапсырды", - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

 

7 қыркүйек 2018, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.