Атырау, 23 сәуір 17:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Дәрігерлердің көбі жұмыстан кеткісі келеді - Біртанов қылмыстық қудалау жайлы

1 179 просмотра


 

Сот шешімі шықпай жатып, дәрігерлерді дерексіз айыптайтындар кәсіби білікті мамандардың ығырын шығарады, - деді Денсаулық сақтау министірі Елжан Біртанов, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Негізінде, дәрігерлердің көбі жұмыстан кеткісі келеді. Мен арнайы медициналық мекемелерде болып, дәрігерлермен сөйлестім. Ауыр жағдай екені түсінікті, барлығы қылмыстық қудалаудан қорқады. Дерексіз дәріігерлерді қылмыстық қудалаған сәттер болды. Білікті де тәжірибелі мамандар осындай дерексіз айыптаулардан әбден қажыған, сол себепті осы мәселені жіті бақылауымыз керек. Кейін біз оларды таппай қаламыз, осылайша жағдайды ушықтырамыз", - деді министр.  Сонымен қатар, Біртанов дәрігерлерді жұмысқа алу және жұмыстан босату істерімен әкімдік айналысатынын айтты.  5 тамызда Астанадағы № 1 перинаталдық орталықтың бас дәрігері жыл басынан бері төрт әйелдің қайтыс болуына байланысты өз еркімен қызметінен кеткені туралы белгілі болды. Сараптама нәтижесінде, төртеудің үш жағдайында адам қолынан ештеңе келмейтін болып шыққан.

 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

5 қыркүйек 2018, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.