Атырау, 23 желтоқсан 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Экономист теңгенің бірден арзандау себебін түсіндірді

1 221 рет қаралды


3 қыркүйекте күндізгі сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 369 теңгеге жуықтады. Оның себебі - Ресейге қарсы санкциялар, доллардың басқа валюталарға қатысты бағамының нығаюы мен нарықтағы үрейлі болжамдар. 

Мұндай пікірді Astana Best Consulting Group экономисі Арман Байғанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. РИА Новости мәліметінше, таяуда рубльдің долларға қатысты бағамы 59 тиынға әлсіреп, 68,14 рубль болған. Осы орайда ресейлік сарапшылар инфляцияның үдей түсетінін болжап отыр.  "Кеше рубль әлсіреді. Ал доллар әлі де нығайып жатыр. Рубльдің 1 пайызға әлсірегенін көрген біздің халық белсенді түрде доллар сатып алып жатыр. Нарықта байбалам болып жатыр", - деді экономист Арман Байғанов. Еске сала кетейік, мұның алдында таңғы сессияда ұлттық валюта бағамының долларына 367 теңгеге жуықтағаны хабарланған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 қыркүйек 2018, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.