Атырау, 25 сәуір 09:55
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Байқоңырда денсаулық сақтау саласына қатысты түйткілдер бар

1 619 просмотра


Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімдерге қарамастан Байқоңырдағы денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар түйткіл бар. Бұл мәселелер бүгін Парламент Сенатының қабырғасында кеңінен талқыланды. Әсіресе ресейлік тарифтің қымбаттығынан жергілікті медициналық орталықтар қыруар шығынға батып жатыр. 

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Алексей Цойдың айтуынша, осы бағытта қосымша келісімдер жүргізу қажет. Бұған қоса Байқоңыр өңірінде жұмыс жасайтын дәрігерлердің айлығы көрші елдегі әріптестерінің жалақысымен теңестірілген. Ал ондағы қазақстандық азаматтар біздің елдің заңында қарастырылған барлық қызметті ала алады. Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары: - Ресей медицина ғылымдары ұсынған ҚР азаматтарына медициналық көмек ҚР аумағында тегін медициналық көмектің кепілдік берген көлеміне сәйкес келмейді. Қазақстан азаматтары скринингтік зерттеулермен қамтылмаған. 49 нозология бойынша тегін дәрі-дәрмектпен қамтамасыз етілмеген. Жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігінен айырылған.

 

Дереккөз: 24.kz

 

4 қыркүйек 2018, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.