Атырау, 21 мамыр 00:21
 ашықВ Атырау +20
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Қазақстан үшін биылғы Азиада сәтсіз болды

1 744 просмотра

Қазақстан боксшысы Әбілхан Аманқұл (қызыл формада) Азиада финалында өзбекстандық Исраил Мадримовтен жеңілді. Джакарта, 1 қыркүйек 2018 жыл.
Джакарта мен Палембангте (Индонезия) аяқталған жазғы Азия ойындарында Қазақстанның үздік төрттікке ену жоспары орындалмады. 

Қазақстан жазғы Азия ойындарына жетінші рет қатысты. Бұған дейінгі Азия ойындарында бұл ел жалпы есепте үздік бестікке енетін. 2014 жылы Инчхонда өткен жазғы Азиадада 28 алтын жеңіп алып, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониядан кейін төртінші орында болған. Ал Джакартада 15 алтын, 17 күміс, 44 қоламен (қола саны бойынша жеке рекорд) жалпы есепте тоғызыншы орынды иеленді.

Қазақстанның алдында Қытай (129 алтын), Жапония (74), Оңтүстік Корея (49), Индонезия (31), Өзбекстан (21), Иран (20), Тайпей (17), Үндістан (15) тұр. Қазақстанмен алтыны тең, бірақ күмісі (24) көп Үндістан сегізінші орынға шықты.

Дереккөз: Аzattyq.org 

3 қыркүйек 2018, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.