Атырау, 21 мамыр 00:21
 ашықВ Атырау +20
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Бостондағы теракт: АҚШ-та қазақстандық Диас Қадырбаев түрмеден босатылды

2 159 просмотра


АҚШ-та Бостондағы лаңкестікті ұйымдастыру шараларына қатысы бар деген айыппен сотталған Қазақстан азаматы Диас Қадырбаев түрмеден шықты, ол енді отанына экстрадициялауды күтіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі The Boston Globe басылымына сілтеме жасап.  

Басылымның хабарлауынша, Диас Қадырбаев түрмеден шықты және ол АҚШ көші-қон және кеден полициясының (ICE) бақылауында Қазақстанға экстрадициялануын күтіп отыр.

Еске сала кетейік, 2 маусымда АҚШ-та қазақстандық студент Диас Қадырбаев 2013 жылдың сәуірінде Бостон марафонының мәресінде болған лаңкестіктің тергеу жұмыстарына кедергі келтірді деген айыппен сотталды. Бостон аймақтық соты Диас Қадырбаевты 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотта Диас Қадырбаев лаңкестік жасады деген күдікті Джохар Царнаевты таныған кезде полицияға хабарламағанын айтты. Сонымен қатар, ол жатақханада Царнаевтың бөлмесінен тергеуге қажетті заттарды жинап тастағанын да мойындады. 

"Мен соншалықты ақымақтық істегеніме сене алар емеспін", - деді ол.  

Айта кетейік, Диастан бөлек Царнаевпен тағы бір қазақстандық жігіт таныс болған. Ол - Азамат Тажаяқов. Қазақстандық екі жігіт сот үкімі шыққанша жаза мерзімінің жартысын өтеп тастаған. Диас алты, Азамат үш жылға сотталған болатын. 2016 жылы жазда Тажаяқов бостандыққа шығып, отанға оралды.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


30 тамыз 2018, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.